Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жамбыл облысында 155 рет жол ережесін бұзған жүргізуші жауапқа тартылды
Жаңалықтар

Жамбыл облысында 155 рет жол ережесін бұзған жүргізуші жауапқа тартылды

19.01.2026
мин
0
217

Жамбыл облысында 155 рет жол ережесін бұзған жүргізуші жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Жамбыл облысы ПД әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлері "Қорғау" автоматтандырылған жүйесінің көмегімен жол жүрісі ережелерін 155 рет өрескел және жүйелі түрде бұзып келген Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісін анықтады. Құқық бұзушы өзге жол қатысушыларының өміріне қауіп төндіре отырып, 126 рет әдейі жылдамдықты асырған.

Сондай-ақ 29 рет жол белгілері талаптарын сақтамаған. Жауапкершіліктен қашып жүрген жүргізушінің жол қозғалысы ережелерін елемеуі биылғы жылдың басында да жалғасқан. 2026 жылдың қаңтар айының 16 күнінде ол 18 рет жол ережесін бұзған.

Жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 592 және 601-баптарымен әкімшілік жауапқа тартылды. Көлік айып тұрағына қойылды.

Полиция жол қозғалысы ережелерін қасақана және жүйелі түрде бұзу жол-көлік оқиғаларына тікелей қауіп төндіретінін ескертеді. Жүргізушілерді заң талаптарын сақтауға және өз өмірі мен өзгенің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл