Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Жамбыл облысы, Мәттібұлақ ауылындағы №01098 әскери бөлімінде 19 жастағы сарбаз Дінмұхаммед Шынарбек асылған күйінде табылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Әскерилердің ресми дерегіне сәйкес, ол өз-өзіне қол жұмсаған. Алайда отбасы бұл нұсқаға сенбей, шындық пен әділ тергеуді талап етуде.
Марқұмның әпкесі Енлік Қалтаеваның айтуынша, өткен жылдың күзінде әуелі Дінмұхаммедтің егізі Даниял әскерге шақырылған, көктемде бауыры да қатарға алынған. Бастапқыда екеуі Отар гарнизонында бірге қызмет еткенімен, ант қабылдағаннан кейін Дінмұхаммед кенеттен Мәттібұлақтағы №01098 әскери бөлімге ауыстырылған.
17 қыркүйек күні отбасы ауыр хабар алды: Дінмұхаммед асылған күйінде табылған. Оның небәрі бірнеше апта бұрын ғана 19 жасқа толғаны белгілі болды.
— Біз бұл жағдайдың жасырын тұстары бар деп есептейміз. Әділ тергеу жүргізіліп, кінәлілер жазасын алуы тиіс. Бейбіт заманда жас жігіттердің қаза табуына жол берілмеуі керек. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жүгініп, істі жеке бақылауға алуды сұраймыз, — дейді марқұмның әпкесі.
ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі фактіні растады. Ведомствоның мәліметінше, оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, арнайы комиссия тергеу жүргізіп жатыр. Әскер басшылығы қаза болған сарбаздың отбасына көңіл айтып, қажетті көмек көрсетілетінін жеткізді.