447.14
500.35
5.24
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жамбыл облысында мектеп оқушысы өзінен үлкен жасөспірімнің соққысынан көз жұмды
Жаңалықтар

Жамбыл облысында мектеп оқушысы өзінен үлкен жасөспірімнің соққысынан көз жұмды

07.10.2026
мин
0
118
Сурет: stan kz

Жамбыл облысына қарасты Ботамойнақ ауылында қайғылы оқиға орын алды. Мекемеден тыс уақытта футбол алаңына барған 15 жасар мектеп оқушысы өзінен үлкен жасөспірімнің ауыр соққысынан кейін оқиға орнында тіл тартпай кетті, — деп хабарлайды Dauletten.kz КТК басылымына сілтеме жасап.

Ауыл тұрғындары мен марқұмның жақындары бұл жағдайды жасөспірімдер арасындағы жасырын әлімжеттіктің салдары деп сипаттап отыр.

Жергілікті турғындардың айтуынша, оқиға 2 қазан күні кешкісін орын алған. Қайтыс болған Миятбек Ерсейіт есімді оқушы ауылдағы спорт алаңына кетіп, кейін оның туыстарына қайғылы хабар жеткен.

Марқұмның әкесі Ертай Қонысбаев оқиға орнына жеткенде ұлының ес-түссіз жатқанын жеткізді. Жедел жәрдем қызметкерлері келгенімен, баланың өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған. Әкесінің сөзінше, сол күні алаңда бір топ жасөспірім жиналып, кіші буын өкілдеріне күш көрсеткен.

- Балам ең соңында телефонына қарап, тыныш тұрған. Кенеттен кеудесіне тиген ауыр соққыдан құлап түсті. Төбелесті ұйымдастырғандар оны жай ғана есінен танды деп ойлап, есін жиғызбақ болған. Алайда жағдайдың ушыққанын байқаған соң, жедел жәрдем шақырып, өздері оқиға орнынан бой тасалаған, – дейді марқұмның әкесі.

Сондай-ақ ауыл тұрғындары бұл алаңда жастар арасында "тәрбие сәті" атымен әлімжеттік жиі болып тұратынын, бірақ көпшіліктің ашық айтуға қорқатынын алға тартты.

Уәкілетті органдардың реакциясы

Байзақ аудандық білім бөлімінің басшысы Құралай Өскембекова бұл оқиғаның сабақтан тыс уақытта болғанын растады. Қазіргі таңда ауданда құқық қорғау органдарымен бірлесіп, ата-аналар мен оқушылар арасында түсіндіру және рейдтік шаралар күшейтілген.

Күдікті ретінде марқұммен бір лицейде оқыған, көрші тұратын 16 жастағы жасөспірім ұсталды. Марқұмның отбасы мен ауыл ақсақалдары арадағы көршілік қарым-қатынас пен түсіністікке байланысты кешірім бергенін айтқанымен, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта полиция департаменті аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы "Абайсызда өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл