Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Жамбыл облысындағы ауылда үйде газдан уланған үш бірдей қыз бала – 3, 5 және 7 жастағы әпкелі-сіңлілер қаза тапты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Әлеуметтік желілерде жазылғандай, қайғылы оқиға 19 сәуір күні кешке Сарымолдаев ауылында болған.
- Алдын ала мәлімет бойынша, таңертең анасы балаларын үйде қалдырып, шаруаларымен кеткен. Үйге қайтып келгенде газдың өткір иісін сезген. Қыздар ес-түссіз жатқан. Анасы оларды шұғыл түрде ауруханаға жеткізгенімен, өкінішке қарай, оларды аман алып қалу мүмкін болмады – балалар есін жимастан жансақтау бөлімінде көз жұмды, – делінген Instagram желісінде тараған хабарламада.
Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі қайғылы жайтты растады.
- Меркі ауданындағы тұрғын үйде табиғи газдан улану салдарынан үш баланың қаза болуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, қажетті сараптамалар тағайындалды, тергеу амалдары жүргізілуде, – деп хабарлады ведомство.
Қылмыстық іс Жамбыл облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында.