| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Кездесу барысында екі ел арасындағы сауда, инвестиция, мәдени және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Президент Тоқаев достық лигасының қызметін жоғары бағалап, оны екіжақты ынтымақтастықты дамытудағы маңызды құрал деп атады.
- Еліміз Токиомен жан-жақты ықпалдастықты одан әрі арттыруға баса мән береді. Парламентаралық диалог тереңдей түсті. Сауда-экономика және инвестиция саласындағы қатынастарымыз тың серпінмен дамып келеді, – деді Тоқаев.
Сонымен қатар мемлекет басшысы мәдени-гуманитарлық байланыстардың терең екенін, білім, ғылым, спорт және туризм саласындағы ынтымақтастық та дамып келе жатқанын атап өтті.
Қазақстан мен Жапония халықаралық мәселелерде, оның ішінде бейбітшілік пен ядролық қарусыздану бағытында бір-бірін қолдайды.
Тоқаев «Орталық Азия + Жапония» саммитін аймақтық ынтымақтастықты дамытуда маңызды платформа деп атады.