Brent
100.41
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жақсылық Омар ШҚО әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды
Жаңалықтар

Жақсылық Омар ШҚО әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

07.04.2025
1 мин
0
98
Сурет: ашық дереккөз

Өскеменнің бұрынғы әкімі Жақсылық Омар Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

– Бүгін Жақсылық Омарды өзімнің бірінші орынбасарым етіп тағайындадым. Жақсылық Мұқашұлының мемлекеттік қызметте үлкен тәжірибесі бар. Ол 6 жыл бойы облыс орталығының әкімі болды. Оған өңірдің барлық мәселесі мен тұрғынының мұң-мұқтажы жақсы таныс. Оның жаңа әрі жауапты қызметке білімін, күш-жігерін барынша жұмсайтынына сенімдімін, - деп жазды ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов Instagram-дағы парақшасында.

Жақсылық Мұқашұлы 1980 жылы 28 қыркүйекте Алматы облысы, Алакөл ауданы, Үшарал ауылында дүниеге келген. 2001 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тәмамдаған. Мамандығы - география пәнінің оқытушысы, мемлекеттік және жергілікті басқару бакалавры.

Еңбек жолын ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Республикалық халықаралық мәдени бағдарламалар комитеті дирекциясының жетекші маманы болып бастады.

2013 жылдың мамырынан 2016 жылдың қарашасына дейін ШҚО әкімінің орынбасары болды. 2016-2018 жылдары Алматы облысы әкімінің орынбасары лауазымын атқарған.

Ал 2018-2024 жылдары Өскемен қаласын басқарған. Осы уақытқа дейін ШҚО әкімінің кеңесшісі болды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
137
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл