Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жас домбырашылар ансамблі Орталық Азияның ең үздік этнофольклорлық оркестрі атанды
Жаңалықтар

Жас домбырашылар ансамблі Орталық Азияның ең үздік этнофольклорлық оркестрі атанды

05.11.2024
1 мин
0
350

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өткен халықаралық “Tashkentfest” балалар мен жасөспірімдер арасындағы шығармашылық байқау-фестивалінде Орталық Азияның ең үздік этнооркестр атағына Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы зияткерлік мектебінің 8-сынып оқушыларынан құралған "Алқоңыр" ұлттық аспаптар ансамблі ие болып, байқаудың бас жүлдесін жеңіп алды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Зияткерлік мектепте 7-сыныпта домбыра сабағы пән ретінде енгізілген. Оқушыларға домбырашы, қосымша білім беру педагогы, Тәттімбет атындағы республикалық байқаудың лауреаты Ертай Барлықов қазақтың ұлттық музыкасын дәріптеп келеді. Ертай Ғабдылхақұлының жетекшілігімен "Алқоңыр" оркестрімен қатар жоғары сынып оқушыларынан "Нұр сазы" халық аспаптар ансамблі және қыздардан жетігеншілер   тобы құрылды.

"Нұр сазы" мен "Алқоңыр" оркестрінің репертуары 20-ға жуық қазақ халық күйлері мен ұлы даланың күйші-сазгерлері Дәулеткерей, Құрманғазы, Дина Нұрпеисовамен қатар Нұрғиса Тілендиев, Әбдімомын Желдібаев, Сәкен Тұрысов, Аман Малдыбаев сынды қазіргі заманның көрнекті композиторларының туындыларымен байытылып келеді.

Ертай Ғабдұлхақұлы оқушылармен шығармашылық байқау-фестивальдерінің бірін қалдырмай бақ сынайды. Этнофольклорлық ансамбльдер республикалық, халықаралық шығармашылық сайыстарының бірнеше дүркін жеңімпаздары атанған. Қазіргі таңда зияткерлік мектеп қоржынында  бес бас жүлде және оншақты түрлі аспапта орындау бағытындағы номинациялар бар екенін оқушылар мақтанышпен айтады.

Қазақтың ұлттық аспаптарында басқа ұлт өкілдері де үйреніп, айтарлықтай деңгейде меңгеріп жүр. Соның бірі түрік отбасынан шыққан 9-сынып оқушысы Мұстафа Ырза. Ол зияткерлік мектебінің табалдырығын аттағаннан бастап домбыраны қолға алып, оншақты күйлерді үйреніп үлгерді.

- Біз домбырашылар тобы болып Оңтүстік Кореяда, АҚШ-қа сапармен барған мәдени шаралар, конференцияларда міндетті түрде қазақтың күйлерін орындадық. Басқа елдерден келген оқушылар домбыраға қатты қызығушылық білдіргендері менде ерекше мақтаныш тудырады, - деп бөлісті Мұстафа.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл