Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қаңтар айынан бері елімізде жасөспірімдердің көлік тізгіндеуімен байланысты 70-ке жуық жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты.
«Ішкі істер министрлігі жолдағы балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударады. Түсіндіру жұмыстарына қарамастан апатқа балалар себеп болған жол-көлік оқиғаларына тап болып отырмыз. Ата-аналар қауіпсіздікті ойламастан балаларға көліктің кілтін жиі бере салады. Бұл факті кәмелетке толмаған жасөспірімнің де, жол қозғалысының өзге қатысушыларының да өміріне қауіп төндіреді. Жыл басынан бері елімізде жасөспірімдердің рульге отырумен байланысты 70-ке жуық жол-көлік оқиғасы тіркелді. Соның салдарынан 9 адам қаза тауып, 80-нен астам жарақаттанды», - деді Шұғыла Тұрлыбек ведомствоның баспасөз алаңында өткен брифингте.