456.88
534.64
5.47
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Жайлау» бағдарламасы аясында қандай шаруашылықтар несие ала алады?
Жаңалықтар

«Жайлау» бағдарламасы аясында қандай шаруашылықтар несие ала алады?

24.06.2026
мин
4
1296
Сурет: ElDala

Қазақстанда мал шаруашылығын дамытуға бағытталған «Жайлау» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы іске қосылды. Жоба ірі және ұсақ мал өсіретін жаңа шаруашылықтарды қаржылай қолдауға арналған, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Елімізде ауыл шаруашылығы саласын қолдау мақсатында «Жайлау» бағдарламасы іске қосылды. Бағдарлама аясында кемінде 300 бас ірі қара немесе 1000 бас ұсақ мал ұстайтын жаңа шаруашылықтарға жеңілдетілген несие беріледі.

Бағдарламаның негізгі шарттарына сәйкес, несие мөлшерлемесі жылдық 6 пайызға дейін белгіленген. Қаржыландыру мерзімі 10 жылға дейін созылады. Ірі қара мал шаруашылығына 350 миллион теңгеге дейін, ал ұсақ мал шаруашылығына 200 миллион теңгеге дейін қаражат қарастырылған.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге арналған «Игілік», «Береке» және «Айналым қаражатын толықтыру» бағдарламаларының мүмкіндіктері кеңейтілді. Енді бұл бағдарламалар тек ірі қара өсірушілерді ғана емес, қой, жылқы, түйе, марал, ара және шошқа шаруашылықтарын да қамтиды.

«Игілік» пен «Береке» бағдарламалары асыл тұқымды мал сатып алуға бағытталған. Бұл бағдарламалар бойынша несие мөлшерлемесі жылдық 6 пайызға дейін, ал өтеу мерзімі 7 жылға дейін белгіленген. Сондай-ақ негізгі қарыз бен сыйақыны төлеуге 12 айдан 30 айға дейін жеңілдік кезеңі ұсынылады.

Ал «Айналым қаражатын толықтыру» бағдарламасы шаруашылықтардың күнделікті қажеттіліктерін қаржыландыруға арналған. Оның аясында жем-шөп, жанар-жағармай, ветеринариялық препараттар, еңбекақы төлемдері мен қосалқы бөлшектерді сатып алуға қаражат алуға болады. Бұл бағдарлама бойынша мөлшерлеме 5 пайызға дейін, ал несие мерзімі 12 айға дейін қарастырылған.

Бағдарламалар туралы толық ақпаратты «Аграрлық несие корпорациясының» өңірлік филиалдарынан және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардан алуға болады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
4 Пікір
K
Kyimat 02.08.2026
Сіздер байларды байыту үшін.Жаңадан ашуға неге көмек жасамаймыз осындай ақша берсе ұй мал сатып алады екі жылда айналдырып ақшаны қайтарады барларға бере бересіз .Мен20 жыл малдың айналасында болған кісімін.
Жауап беру
С
Сейсенбай.Отырар ауданы,Балтакөл ауылы 26.07.2026
Жайлау бағдарламасы арқылы кредитті қалай аламыз.Қора жай бар мал басын көбейту,бордақылау үшін қаражат керек.Шаруашылықта ірі қара малы бар
Жауап беру
А
Аитжанали Алтибаев Балгабаевұлы 20.07.2026
Түркістан облысы Ордабасы ауданы Жеңіс ауылында тұрамын. Қазақ Өкіметінің жайлау бағдарламасымен несие алғым келеді. Мал шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы мен аиналысамын . Мал басын көбейтіп бордақылап кіші халал шұжық цех ашуға несие керек. 5 жыл болды несие ала алмай отырмын. Маған келгенде таусылып кетеді.
Жауап беру
А
Аитжанали 20.07.2026
Қанша уақытта жауабын аламын Залог бар
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл