Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
"Жемқорлықсыз қоғамға қадам бас" онлайн акциясы басталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұл акция әрқайсымыздың қоғамдағы өзгерістерге үлес қосуымыздың маңызды мүмкіндігі. Акцияға қатысу арқылы біз жемқорлыққа қарсы күреске үн қосып, адалдықты, ашықтықты насихаттаймыз.
Акцияға қатысушылар постерлер мен афишаларды жүктеп қана қоймай, сонымен қатар, өз ойларымен, пікірлерімен бөлісіп, қоғамдағы жемқорлық мәселесіне назар аудартуы керек. Біз әлеуметтік желілерде бір-бірімізді қолдап, адалдықты насихаттайтын хештегтерді пайдалану арқылы хабарды тарата аламыз.
Бұл акцияның мақсаты – жемқорлықты жою, қоғамда сенімділікті арттыру және болашақ ұрпаққа таза әрі әділ қоғам қалдыру. Бәріміз бірге, күшті бола отырып, адалдықты таңдап, жемқорлықсыз әлем үшін күресуге шақырамыз!
Жоба Атырау қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ грантты негізінде "Ой бренд" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жүзеге асырылуда.