Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғын үй бағасын көтеру мәселесіне түсініктеме берді.
Министрлік өкілдері қазіргі кезде тұрғын үй бағасын қайта қарау жоспарланбағанын атап өтті.
«Бұл халықтың сатып алу қабілетінің төмендеуіне және олардың борыштық жүктемесінің ұлғаюына алып келеді. Статистикаға сүйенсек, 2021 жылғы маусымда орташа жалақы 242,5 мың теңгені құрады», – деп түсіндірді министрлікте.
Бұған дейін құрылыс салушылар құрылыс заттарының қымбаттауына байланысты жаңа нысандарды 25-30%-ке өсіру мәселесін бірнеше рет айтты. Десек те, ведомство өкілдері тұрғын үй құнының шекті бағасы халықтың сатып алу қабілетін, нарықтық жағдайды және мемлекеттік шараларды ескере отырып белгіленгенін, бұл құрылыс құнын арзандататынын атап өтті.
«Бастапқы және қайталама нарықтағы баспананың бір шаршы метрі үшін сатудың орташа бағасы 268-338 мың теңге шамасында. Бастапқы тұрғын үй құрылысына арналған нақты шығындар 117 мың теңгеге тең, бұл шекті белгіленген бағадан төмен. Баға құрылыс компаниялары үшін табыстың жеткілікті мөлшерін көрсетеді», - деп қорытындылады ИИДМ.