447.85
513.46
5.31
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жолда тәртіп бұзғандарға жаза: 46 мың көлік арнайы тұраққа қойылды
Жаңалықтар

Жолда тәртіп бұзғандарға жаза: 46 мың көлік арнайы тұраққа қойылды

22.09.2026
мин
0
120

Ішкі істер министрлігі жол қозғалысы ережелерін бұзудың жолын кесу және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында рейдтік іс-шараларды жүйелі түрде жүргізіп келеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Жыл басынан бері өткізілген рейдтік іс-шаралар барысында жол қозғалысы ережелерін бұзудың 226 мыңнан астам фактісі анықталды.

Атап айтқанда, көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарудың 5 мыңнан астам фактісінің жолы кесілді. Сонымен қатар 4 мыңнан астам қарсы қозғалыс жолағына шығу дерегі анықталды. 46 мыңнан астам көлік арнайы тұраққа қойылды.

Қауіпті көлік жүргізу және қоғамдық тәртіпті бұзу фактілеріне ерекше назар аударылады. Дрифт жасағаны үшін 372 жүргізуші жауапкершілікке тартылды.

Мысалы, Астанада дрифт жасаған жүргізуші 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Алматыда қала жолында дрифт жасаған жүргізуші 5 тәулікке қамалып, автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

Мұндай әрбір фактіге құқықтық баға беріледі. Бірнеше құқық бұзушылық анықталған жағдайда жауапкершілік белгіленген барлық құқық бұзушылық құрамы бойынша туындайды.

Ішкі істер министрлігі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, сондай-ақ азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтауға бағытталған жұмыстарды жалғастыруда.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл