Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
«Dauletten қайырымдылық қоры» қайырымды оқырманмен бірлесе 1 жыл аралығында көптеген игі істерді атқарды. Мұқтаж отбасыларға баспана кілтін табыстап, әлеуметтік, мәдени және білім беру бағыттарында бірқатар жобаларды іске асырды. Биыл орын алған төтенше жағдайлар кезінде қайырымды істер атқарып, гуманитарлық көмек көрсетті. Қор тарапынан дәстүрге айналған «Білімнің жұлдызы» шәкіртақысын 200 білімді жасқа 100 000 теңгеден тағайындады. Сондай ақ «Ауылдағы ағайынның балаларына» жобасы аясында 1000-нан аса оқушыға мектепке қажетті оқу-құралдар таратты. Сіздерге «Dauletten қайырымдылық қоры» тарапынан 1 жыл бойы атқарылған қайырымды істердің қорытынды есебін ұсынамыз.
Түсім:
Жеке және заңды тұлғалардан түсім – 417 387 842,34
Шығындар:
«Білімнің жұлдызы» шәкіртақысы - 20 000 000,00
Баспана сатып алу - 135 000 000,00
Пәтер жалдау ақысын төлеу - 7 095 000,00
Емге көмек - 17 100 000,00
Материалдық көмек - 27 420 425,00
Білім/оқуға көмек - 3 110 500,00
Азық-түлікке көмек - 9 175 939,00
Өзге де шығындар - 311 750,00
Демеушілік көмек - 1 848 000,00
«УМРА» жобасы - 4 200 000,00
Қаржылық көмек - 500 000,00
Барлығы: 225 761 614,00