Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
1 ақпаннан бастап электр энергиясы қымбаттауы мүмкін
Жаңалықтар

1 ақпаннан бастап электр энергиясы қымбаттауы мүмкін

09.01.2025
1 мин
0
162
Сурет: egemen.kz

2025 жылдың 1 ақпанынан бастап Қазақстанда электр энергиясының бағасы көтерілуі мүмкін, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Бұл өзгерістер еліміздің 36 энергия өндіруші ұйымының шекті тарифтерді түзету туралы өтінімдері негізінде жүзеге асатын болады. Сондай-ақ, үш жаңа компания энергия өндіруші ұйымдар тізіміне қосылу үшін жаңа тарифтер енгізуді ұсынған.

Энергетика министрлігі бұл мәселе бойынша шекті тарифтерді көтеру туралы бұйрық әзірлеп, оны 22 қаңтарға дейін "Ашық НҚА" порталында талқылауға жариялады. Тарифтерді көтерудің негізгі себептері ретінде энергетика саласындағы кадр тапшылығы, жалақының өсуі және жанармай бағасының қымбаттауы аталып отыр.

Энергетика секторында білікті маман тапшы. Энергетика кәсіпорындарында 4,5 мың маман жетіспейді. 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қызметкерлердің нақты саны 52,5 мың адам болды. Жалақыны ұлғайту саладағы мамандарды тартуға және ұстап қалуға бағытталған, - деп хабарлады энергетика министрлігі.

Жаңа өзгерістер бойынша, электр энергиясы құны кВт/сағатына шамамен 2 теңгеге көтерілуі мүмкін. Бұл қадам энергия өндіруші ұйымдар мамандарының жалақысын арттыруды мақсат етеді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл