Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бүгінгі Үкімет отырысында 2023 жылдың өткен айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, сондай-ақ жастар саясатын дамыту тұжырымдамасы қаралды деп, хабарлайды Dauletten.kz.
2023-2029 жылдар аралығын қамтитын тұжырымдамада еліміздегі жастардың 43,7 пайызын құрайтын ауыл жастарының кәсіби біліктілігін арттыру, кәсіпкерлік арқылы әлеуетін көтеру көзделген.
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, 2029 жылға дейін 1 миллион ауыл жастарын жұмыспен қамтып, 1,5 миллион жастың цифрлық сауаттылығын арттырмақ. Сонымен қатар, 3,8 миллион жасты ресурстық орталықтар арқылы әлеуметтік қызметтермен қамту жоспарланып отырғандығын жеткізді.
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі