Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Биылғы жаңа оқу жылында 1-сыныптан бастап «Еңбекке баулу» пәні қайта енгізіледі. Бұл туралы Сенаттағы жастарды қолдау тақырыбына арналған парламенттік тыңдауда Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты.
«Еңбекке баулудың ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы зор екені белгілі. Сондықтан жаңа оқу жылында 1-сыныптан бастап «Еңбекке баулу» пәні қайта енгізіледі. Жоба ретінде мектептер жанында жылыжайлар ашу қолға алынады. Бүгіннің өзінде 7%-ға жуық мектепте бұл тәжірибе бар», деді Е. Тоғжанов.
Оның айтуынша, алғаш рет биылдан бастап мектептерде 7-сыныптан бастап болашақ мамандықты таңдауға бағыттайтын «педагог-кәсіптік бағдар беруші» маманы енгізіледі.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Сенат төрағасы М. Әшімбаев барлық реформаның түпкі мақсаты да жастардың әл-ауқатын арттыруға әрі олардың дамуына жағдай жасауға арналғанын атап өтті .
Сонымен қатар ол университет бітірген түлектерге еңбек нарығында сұраныс жоқ екенін айтты.