Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ауқымды операция нәтижесінде Павлодар облысында ұсталған күдіктіден бір килодан астам синтетикалық есірткі тәркіленді, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Есірткі қылмыстарына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 12 наурызда ауқымды операция жүргізіп, курьерді тұтқындады. Ол бір келіден астам синтетикалық есірткіні сатпақ болғанда қолға түскен.
"Еліміздің оңтүстік аймағының 24 жастағы тұрғыны ұсталды", – деді Павлодар облыстық полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.
Қазіргі кезде аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті Павлодар қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Айта кетейік, ұсталған адамның кінәсі дәлелденсе оның мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.