476.07
541.86
6.08
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жүргізуші куәлігіне қатысты жаңа өзгерістер туралы не белгілі?
Жаңалықтар

Жүргізуші куәлігіне қатысты жаңа өзгерістер туралы не белгілі?

24.07.2026
мин
0
255
Сурет: Zakon.kz

Ішкі істер министрлігі "Жол жүрісі туралы" заңға енгізілген өзгерістерге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Dauletten.kz.

ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Құралай Каринаның айтуынша, жүргізушілердің медициналық тексеруден өту талабы жаңа емес. Бұл норма 2014 жылдан бері қолданыстағы заңда қарастырылған. Қазіргі таңда Денсаулық сақтау министрлігі мен Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйелері біріктірілген. Соның нәтижесінде міндетті медициналық тексеруден өткені туралы мәліметтер екі ведомствоның жүйелері арасында автоматты түрде алмасады.

Сондай-ақ 65 жастан асқан және мүгедектігі бар жүргізушілерге екі жылда бір рет медициналық тексеруден өтсе жеткілікті. Оның қорытындысы да автоматты түрде жүйеге енгізіледі. Сондықтан қосымша анықтама жинаудың, мемлекеттік органдарға барудың немесе жүргізуші куәлігінің мерзімін ұзарту туралы ІІМ-ге жеке хабарлаудың қажеті жоқ. Спикердің сөзінше, азаматтардың алаңдауына негіз жоқ, өйткені ешқандай жаңа талап немесе артық құжат рәсімдеу енгізілмеген, керісінше рәсімдер бұрынғыдан да ыңғайлы әрі қарапайым болған.

Сонымен қатар ІІМ әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратқаны үшін заңда жауапкершілік қарастырылғанын еске салды. Осыған байланысты блогерлер мен ақпараттық парақша иелерін қандай да бір мәліметті жарияламас бұрын оның дұрыстығына көз жеткізуге шақырды.

Полиция өкілдері жалған ақпарат қоғамды шатастыруы мүмкін екенін айтып, азаматтарға тек мемлекеттік органдардың ресми ақпаратына сенуге кеңес берді. Сондай-ақ қажет болған жағдайда түсіндірме беруге әрдайым дайын екенін мәлімдеді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл