Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қостанай қаласында әлеуметтік желілерде есірткі саудасын ұйымдастырған топқа қатысты сот үкімі шықты. Қылмыстық істі ҚМА Қостанай облысы бойынша департаменті тергеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Тергеу барысында бір топ адамның Telegram мессенджерінде "Thс Seller" атты наркошоп ашқаны анықталды. Ресурс арқылы 2 мыңнан астам клиент есірткі сатып алып, жалпы айналым 100 млн теңгеден асқан.
Есірткі сатудан түскен табысты қолма-қол ақшаға айналдыру үшін дропперлердің атына ашылған банктік карталар пайдаланылғаны анықталды.
Тінту кезінде жалпы салмағы 30 келіден асатын марихуана мен гашиш тәркіленді.
Сот үкімімен кінәлілер 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, қылмыстық жолмен алынған табысқа сатып алынған екі автокөлік мемлекет меншігіне тәркіленді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.