Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
12 наурыздан бастап камералар жаяу жүргіншілерді де бақылайды: тәртіп бұзғандарға айыппұл сомасы қанша?
Жаңалықтар

12 наурыздан бастап камералар жаяу жүргіншілерді де бақылайды: тәртіп бұзғандарға айыппұл сомасы қанша?

25.02.2026
мин
0
110
Суреи: gov.kz

12 наурыздан бастап Қазақстанда жаяу жүргіншілерге де автоматты айыппұл жүйесі қолданысқа енеді. Қала көшелерінде камералар мен дрондар қоғамдық орында құқық бұзған адамдарды тіркеп, айыппұл сала алады, - деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 31-бабының жаңа редакциясына сәйкес, автоматты режимде жұмыс істейтін техникалық құралдар арқылы анықталған құқық бұзушылық деректері әкімшілік жауапкершілікке әкеледі. Бұған дейін осындай жүйе тек көлік жүргізушілеріне қатысты болса, енді жаяу жүргіншілер де қоғамдық тәртіпке бағынуға міндетті болады.

Жаяу жүргіншілерге қандай айыппұлдар қарастырылған?

Рұқсат етілмеген жерде темекі шегу – жеке тұлғаға 15 АЕК, бір жыл ішінде қайталанса 20 АЕК.

Қоқыс тастау (темекі тұқылы, қағаз, бөтелке) – жеке тұлғаға 5 АЕК, бір жыл ішінде қайталанса 10 АЕК.

Жолды белгіленбеген жерден кесіп өту – 2 АЕК, қайталанса 10 АЕК.

Қалада қоғамдық тәртіпті бақылау үшін камералар тек көліктерге ғана емес, жаяу жүргіншілерге де назар аударады. Биыл Алматыда қосымша 350 «Сергек» камерасы орнатылады, ал қаланың өзінде жол ережелерін қадағалайтын 9000-нан астам камера жұмыс істеп тұр.

Жаяу жүргіншілер енді қоғамдық тәртіпке жауапкершілікпен қарауы керек. Камералар әр қадамды бақылайды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл