Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Құлсары қаласы және Жаңа Қаратон халқына сумен жабдықтау қызметтеріне бекітілген тарифтер 54,4 пайызға төмендетілді.
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, Атырау облысы «Жылыойсу» МКК директоры Алагузов 2019 жылдың наурыз айынан бастап 2021 жылдың наурыз айына дейін монополиялық жоғары бағаларды белгілеп, Құлсары қаласы халқына сумен жабдықтау және канализациялық қызметтің тарифтерін негізсіз көтерген.
«Ол қаражатты аса ірі мөлшерде жымқырып, 126 млн теңге залал келтірген. Тергеу кезінде аталған залал мөлшері толық мемлекетке қайтарылды. Сондай-ақ, тергеу кезінде Құлсары қаласы және Жаңа Қаратон халқын сумен жабдықтау қызметтеріне бекітілген тарифтер 54,4 пайызға төмендетілді», - деп жазды ведомство.
Сот үкімен аталған кәсіпорын басшысы кінәлі деп танылып, мемлекеттік мекемелерде материалдық жауаптылығы бар басшы қызметімен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
ҚК-нің 63-бабының талаптарына сай, тағайындалған жаза шартты деп есептеледі.