Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
13 қазан Астанада Қалибек Қуанышбаев атындағы Музыкалық жас көрермен театрында Асхат Масмиров режиссерлық қызмет атқарған “Кітапханашы күнделігі” кітабының моно-қойылымы өтті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Танитын ортасы үшін Ғазиза Құдайбергенқызы - демалыссыз жұмыс істейтін кітапханашы.
- Менің ең бірінші мүддем – кітапханаға адамның келуі. Бір келген адамның қайтып келуі үшін мүдделімін, - дейді Ғазиза Құдайберген.
Кітапхана оқырман мен кітап арасындағы алтын кепір. Ал кітап пен кітапхананың тіршілігіне жан беретін ұлттык құндылықтармен оқырман арасын жалғастырушы кітапханашылар. Жастарды кітап оку мәдениетіне тәрбиелеуге, олардың қызыгушылығын арттыруға, талғамына, таңдауына, қажетті тақырыптарын тауып беруге, әдебиеттерді іріктеуге кемек көрсету, оқуға деген көзқарасын ояту кітапханашының тікелей міндеті. Қызығы мен қиындығы мол кітапханашы мамандығы туралы бір-ақ ауыз сөзбен жеткізу мүмкін емес.
Біз жазушы күнделігін, ақынның күнделігін білеміз, ал кітапханашының ойлары, оның философиясы, өмірі туралы жазылған күнделікті алғаш рет Ғазиза Құдайберген халық назарына ұсынып отыр.