Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
16 жастағы отандық шахматшы Алуа Нұрманова әлемдік Pro Chess League финалында қазіргі таңдағы әлем чемпионы, қытайлық Цзюй Вэньцзюннан басым түсті, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазақстан шахмат федерациясының мәліметінше, Алуамен бір командада гроссмейстерлер Хикару Накамура, Владимир Федосеев және Шамсиддин Вохидов өнер көрсеткен.
Pro Chess League (PCL) – 150 000 АҚШ долларын құрайтын жүлде қоры бар шахмат лигасы. Ол 1 ақпаннан 15 мамырға дейін өтті.
Лиганың негізгі кезеңінде әлемнің түкпір-түкпірінен келген мықты ойыншыларды жинаған 16 команда бақ сынады. Олардың ішінде Магнус Карлсен, Хикару Накамура, Аниш Гири, Фабиано Каруано, Александр Грищук, Катерина Лахно және басқа да гроссмейстерлер болды.
Фото: ғаламтордан