Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
16 жастағы шымкенттік есірткі жарнамалағаны үшін алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Жасөспірімді қылмыс жасау барысында жедел уәкілдер ұстады. Оның интернет арқылы заңсыз қызмет тапқаны және маусым айынан бастап мегаполис аумағында есірткі заттарын жарнамалаумен айналысқаны анықталды. Шымкенттік жасөспірімнен өз қолымен жазған жарнамалық парақшалары тәркіленді.
Полиция есірткіні насихаттау және жарнамалау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды.
Заң бойынша, мұндай қылмыс үшін алты жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.