Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
162 мың талапкер Ұлттық біріңғай тестілеуден өтті
Жаңалықтар

162 мың талапкер Ұлттық біріңғай тестілеуден өтті

10.07.2023
3 мин
0
346
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

162 мың талапкер Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырды. Оның ішінде түлектердің 76,16%-ға жуығы қазақ тілінде, 24,74%-ы орыс тілінде, 0,1%-ы ағылшын тілінде тестілеуден өтті, деп хабарлайды Dauletten.kz Ғылым және жоғары білім министрлініне сілтеме жасап.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің шешімі бойынша 2023 жылы талапкерлер негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең үздік нәтижемен грант конкурсына қатыса алады. Осылайша, 162 мың талапкер ҰБТ-ны 291 мың рет тапсырды.

«Тестілеу қорытындысы бойынша 135 мыңға жуық талапкер шекті балл жинады, бұл қатысушылардың жалпы санының шамамен 83%-ын құрайды. Бұл көрсеткіштер өткен жылмен салыстырғанда 16%-ға артқан (2022 жылы – 67%). ҰБТ орташа балы өткен жылғы көрсеткіштен 7 балға артып, 73 балды құрады (2022 жылы – 66 балл). Бес адам ең жоғары көрсеткіш көрсетіп, 137 балл жинады. 2868 оқуға түсуші 120 балдан жоғары нәтижеге қол жеткізді», - деді ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

Тестілеу бес пән бойынша өткізілді: үш міндетті және екі бейінді. Тест тапсырмаларының саны 120, оның ішінде Қазақстан тарихы бойынша – 20, математикалық сауаттылық бойынша – 15, оқу сауаттылығы бойынша – 15 және екі бейіндік пән бойынша – 35 тапсырма. Тестілеу ұзақтығы – 4 сағат (240 минут). Сондай-ақ, ерекше білім беру қажеттіліктері бар талапкерлер үшін қосымша 40 минут уақыт сақталды. Биыл осындай 478 бала ҰБТ тапсырды.

Электронды форматта өтетін ҰБТ-да апелляцияға беру оңай, әрі ыңғайлы. Тестілеу қорытындыларымен келіспеген жағдайда талапкер бұрынғыдай келесі күнді күтпей-ақ, бірден апелляцияға электрондық форматта өтініш береді. Биыл апелляцияға 50 мыңнан астам өтініш берілді, олардың ішінде 805 өтініш қанағаттандырылды. Мемлекеттік комиссия жұмысын аяқтады, талапкерлердің сертификаттары жеке кабинетте қолжетімді.

ҰБТ өткізу барысында 402 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 312 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Кейбір тестіленушілерден жасырын камералар, микроқұлаққаптар, смартфондар және басқа да тыйым салынған заттар табылды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл