Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
17 жастағы қазақстандық спортшы Алан Құрманғалиев үстел теннисінен Венгрияның Сомбатхей қаласында өткен WTT Youth Contender турнирінде екі медальға қол жеткізді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Құрманғалиев турнирде 8 кездесу өткізіп, жетеуінде жеңіске жетті. Спортшы болгариялық Стефан Димитровты 3:0, люксембургтік Маэль Ван Дессельді 3:0, тайбэйлік Тай По-Чунды 3:2, румыниялық Драгож Бужорды 3:0, словакиялық Михаил Ловгуды 3:2, швециялық Исак Альфредссонды 3:0 және кореялық Ли Чон Мокты 3:0 есебімен жеңді.
Тек финалда венгриялық Балаж Лэйге 0:3 есебімен жол берді, нәтижесінде күміс медальға ие болды. Бұған қоса, Құрманғалиев осы турнирде 17 жасқа дейінгі ойыншылар арасында қола медаль жеңіп алған болатын.
Алан Құрманғалиевтің осы табыстары оның үстел теннисіндегі жоғары деңгейін көрсетті.