Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті "Алматыгазсервис-Холдинг" АҚ-ның қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Аталған акционерлік қоғам өңірге табиғи газ жеткізумен айналысады.
Тергеу барысында компания қызметкерлерінің есептегіш құрылғылардың көрсеткіштерін тіркеп, тұтынушылардан қолма-қол ақша жинаумен айналысқаны анықталды. Жиналған қаражат материалдық жауапты тұлғаларға тапсырылған.
Алайда бұл тұлғалар ақшаны заңды түрде өткізу орнына өз қажеттеріне жұмсап, төлем туралы ақпаратты "SymphonyGAS" жүйесінде жасырып отырған.
Осылайша, компанияның директоры, оның орынбасары, аға оператор және аға бақылаушыдан тұратын тұлғалар тобы 2 жыл ішінде тұтынушылардан жиналған 168 млн теңгені иемденген.
Соттың санкциясымен күдіктілердің жалпы құны 165 млн теңгеге бағаланған мүлкіне (тұрғын үй, пәтер және автокөліктер) тыйым салынды.