Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Dauletten.kz сайты спорт сүйер қауымға алдағы күндерге арналған спорттық іс-шаралар кестесін ұсынады.
20-30 қаңтар аралығында киберспорттан "Болашақтың ойындары – 2025" турниріне іріктеу жарысы өтеді. Турнирге еліміздің 15 өңірінен 80-ге жуық спортшы қатысады. Өтетін орны: Астана қ., "Жекпе-жек" сарайы және "Сарыарқа" велотрегі.
21-28 қаңтарда биатлоннан жасөспірімдер арасындағы Еуропа ашық чемпионаты болады. Ел намысын 8 отандасымыз қорғайды. Өтетін орны: Германия, Алтынберг қаласы.
21-26 қаңтар – фристайл акробатикадан әлем кубогі кезеңі. Халықаралық жарыста 6 отандасымыз бақ сынайды. Өтетін орны: Канада, Лак-Бопор.
21-27 қаңтар – шаңғы жарысынан әлем кубогі кезеңі. Қазақстан намысын 6 отандасымыз қорғайды. Өтетін орны: Швейцария, Энгадин қаласы.
23-26 қаңтар – семсерлесуден әлем кубогі. Бұл жарысқа Қазақстан құрамасынан 8 спортшы қатысады. Өтетін орны: Болгария, Пловдив қ.
24-26 қаңтар – конькимен жүгіруден әлем кубогі кезеңі. Турнирге 15 спортшымыз қатысады. Өтетін орны: Канада, Калгари.
25 қаңтарда жеңіл атлетикадан Әмин Тұяқовтың жүлдесіне арналған II Astana Indoor Meet for Amin Tuyakov Prizes халықаралық турнирі өтеді. Жарысқа еліміздің және шетелдің бірқатар танымал спортшы қатысады. Олардың қатарында Олимпиада және әлем біріншіліктерінің жеңімпазы мен жүлдегерлері бар. Өтетін орны: Астана қаласы.