Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматыда “Дикий Арман” атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің ісі бойынша апелляциялық сот процесі басталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі Арман Жұмагелдиевтің ісі бойынша тыңдаулар басталғанын растады. Сот отырысы жабық режимде өтіп жатыр.
Еске сала кетсек, биыл қаңтар айында Арман Жұмагелдиев Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша кінәлі деп танылып, 20 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
Ол келесі баптар бойынша айыпталған:
• 262-баптың 1-бөлігі — ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған жетекшілік ету,
• 268-баптың 1-бөлігі — қару-жарақтың заңсыз айналымы,
• 272-баптың 1 және 2-бөліктері — жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және оған қатысу,
• 28-баптың 3-бөлігі және 125-баптың 3-бөлігі 1-тармағы — адам ұрлау,
• 126-баптың 3-бөлігі 1-тармағы — бостандықты заңсыз шектеу.