Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
2022 жылы еңбек нарығындағы ең танымал мамандықтар қандай?
Жаңалықтар

2022 жылы еңбек нарығындағы ең танымал мамандықтар қандай?

04.02.2022
1 мин
0
2894

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Болжамдау департаментінің деректері бойынша Қазақстанда осы жылы жалдамалы жұмыскерлердің саны 6,8-6,9 млн адамды құрайды.
Жалдамалы жұмыскерлерге сұраныс 188,6 мың адам болады. Оның жартысы жұмыстан шығатын жалдамалы жұмыскерлерді алмастыру сұранысына сай келеді. Сонымен қатар, күзетшілер, бухгалтерлер, сатушылар мен жүргізушілер еңбек нарығында ең танымал болып, жаппай сұраныста қала береді.

«Өңірлер бойынша неғұрлым елеулі жиынтық сұраныс жұмыстан шығатын жалдамалы жұмыскерлерді алмастыру бойынша сұранысты ескергенде Алматы қаласында, сондай-ақ Алматы және Жамбыл облыстарында орын алады. Ал салалар бойынша білім беру, ауыл шаруашылығы және сауда бағыттарының қызметкерлері көбірек талап етіледі», – деді ЕРДО Болжамдау департаментінің директоры Дмитрий Шумеков.

Сарапшының пікіріне сүйенсек, әйелдердің зейнеткерлік жасын арттыруды ескере отырып, жалпы еңбекке қабілетті жастағы халық саны биыл 11,4 млн адамға(2021 жылғы деңгеймен салыстырғанда 98 мыңға өседі) жетеді. «Биыл жұмыс күшінің саны 9,2-9,3 млн адамды құрайды. Яғни жалпы өткен жылдың деңгейінде сақталады. Алайда, біздің болжамымызша, еліміздің үш ірі қаласында экономикалық белсенді халықтың жиынтық саны осы қалалардағы жастар үлесінің артуы салдарынан және көші-қон себептері бойынша 54 мың адамға өседі», – деді ол.
Сондай-ақ, болжамдарға сәйкес, жұмыссыздар саны 461-465 мың адам деңгейінде болады. Ал жұмыссыздық деңгейі 5 пайыздан аспайды. Білім беру жүйесі тарапынан орта мектепті шамамен 261 мың адам бітіреді немесе тастап кетуі мүмкін деп күтілуде. Оның ішінде 109 мың адам – 9 сыныптан кейін, ал 152 мың адам 11 (12) сыныптан кейін шығып кетуі ықтимал. Колледждерге осы саннан 131 мыңға жуық адам, жоғары оқу орындарына 103 мың адам барады. Қалған бұрынғы оқушылар қатарынан азаматтар Қазақстаннан тыс жерлерге (~10 мың адам) немесе еңбек нарығына шығады (~17 мың адам).
Осы жылы ТжКБ-ны шамамен 145 мың адам табысты аяқтайды деп күтілуде, оның ішінде 90 мыңы – негізгі орта білім базасында және 49 мыңы – жалпы орта білім базасында, оның ішінде шамамен 16,4 мың адам жоғары білім беру ұйымдарында оқуын жалғастырады. Бұдан басқа, жоғары оқу орындарынан жоғары білімі бар 163,5 мың адам және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар 20 мыңға жуық адам шығарылатын болады. Жалпы алғанда, білім беру деңгейлері арасындағы күрделі ауысуларды ескере отырып, еңбек нарығына шамамен 295 мың жұмыскер шығады деп күтілуде. Базалық сценарий кезінде жалдамалы жұмысшыларға қажеттілік, бұрын айтылғандай, 188,6 мың адамды құрайды. Тиісінше, қалған 106 мың адам жеке немесе объективті себептер бойынша өзін-өзі жұмыспен қамтуға, оның ішінде жеке кәсіпкерлер мәртебесіне көшуі мүмкін.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл