| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңда АЕК-тің жаңа мөлшері бекітілген. Соған сәйкес мемлекеттік баж да қымбаттайды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Баға өзгерісі қалай болмақ?
- 16 жасқа дейінгі балаларға арналған 24 беттік паспорт – 17 300 тг (4 АЕК). 2025 жылы – 15 728 тг.
- 36 беттік паспорт – 34 600 тг (8 АЕК). 2025 жылы – 31 456 тг.
- 48 беттік паспорт – 51 900 тг (12 АЕК). 2025 жылы – 47 184 тг.
- Жеке куәлік – 865 тг (0,2 АЕК). Бұрын – 786 тг.
- Жеке куәлікті жыл ішінде екі реттен жиі жоғалтқандарға – 1 АЕК (4 325 тг).
- Жүргізуші куәлігін алу – 5 406 тг (1,25 АЕК).
- Туу туралы куәлік — тегін. Бірақ қайта алу қажет болса — 0,5 АЕК (2 163 тг).
Сондай-ақ 2026 жылы:
- Неке қию туралы куәлік – 1 АЕК (4 325 тг).
- Ажырасу туралы өтініш беру – 2 АЕК (8 650 тг), яғни екі есе қымбат.