Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Наталья Жұмаділдаева мәлімдеді.
Оқу-ағарту министрлігінің өкілі мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
«Білім беру сапасы мұғалімдердің кәсіби құзыреттілік деңгейіне тікелей байланысты. Мемлекет басшысы мектепке дейінгі ұйымдардың педагог мәртебесін, кәсіби әлеуетін және жалақысын арттыру міндетін алға қойды. Биыл мектепке дейінгі ұйымдардың 21 мыңнан астам педагогінің біліктілігін арттыру жоспарланған», - деді спикер.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үздік тәжірибелерін тарату үшін 79 мектепке дейінгі ұйымның базасында тұрақты негізде «Құзыреттілік орталықтары» құрылады.
Еліміздің мектепке дейінгі ұйымдарында барлығы 98 мың педагог жұмыс істейді. Олардың басым бөлігінің білімі жоғары білімі бар – бұл 65 мыңнан астам педагог.