Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
1 қаңтардан бастап белгіленген кесте бойынша міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін 61 жасқа толған әйелдер, 63 жасқа толған ер адамдар және мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген І немесе ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдар ала алады, деп хабарлайды Dauletten.kz БЖЗҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақпаратқа сәйкес мемлекеттік зейнетақыны қамтитын төлемдерді тағайындау үшін жасы бойынша зейнеткерлерге ХҚКО бөлімшелеріне жүгіну қажет. Ал, мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға БЖЗҚ бөлімшесіне немесе Қордың сайты арқылы өтінішпен жүгіну қажет.
"Қордан зейнетақы төлемдері өтініш берілген күннен бастап белгіленеді және зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін жүзеге асырылады. Бұл ретте зейнетақы төлемін алуға өтініш берген күн болып:
Шетелге тұрақты тұруға кететін адамдар да міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен БЖЗҚ-дан төлемдерді талап етуге құқылы.
Тағы көру