Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Батыс өңірлердегі тұрғындардың жалақысы өседі
Жаңалықтар

Батыс өңірлердегі тұрғындардың жалақысы өседі

01.08.2022
1 мин
4
1996

2025 жылға қарай атыраулықтардың табысы 18, маңғыстаулықтардың табысы 22 пайызға өседі. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған.

«Атырау және Маңғыстау облыстарының 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарлары инвестициялық жобаларды іске асыруға, жұмыс орындарын құруға, тұрғын үй және өзге де инфрақұрылымды, әлеуметтік саланы, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті дамытуға бағытталған. Кешенді жоспарларда Атырау облысында 187 іс-шараны және Маңғыстау облысында 227 іс-шараны іске асыру көзделген. Кешенді жоспарларды іске асыру 2025 жылға қарай жалпы өңірлік өнімді Атырау облысы бойынша – 8,9 трлн теңгеге дейін және Маңғыстау облысы бойынша – 4,1 трлн теңгеге дейін ұлғайтуды, Атырау облысы бойынша – 42 мың және Маңғыстау облысы бойынша – 55 мың жұмыс орынын құруды, Атырау облысы бойынша – 3,5 млн-нан астам және Маңғыстау облысы бойынша – 4 млн тұрғын үй шаршы метрін пайдалануға беруді, халықтың нақты табысын Атырау облысы бойынша – 18 пайызға және Маңғыстау облысы бойынша – 22 пайызға өсіруді қамтамасыз етеді», - деді Үкімет басшысы жауабында.

Оның дерегінше, кешенді жоспарларды іске асыру аясында 2021 жылы Атырау облысы бойынша – 1 193 адам (тұрақты – 186 адам, уақытша – 1 007 адам) және Маңғыстау облысы бойынша – 13 894 адам (тұрақты – 3 891 адам, уақытша – 10 003 адам) жұмысқа орналастырылды.

«Осы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша Атырау облысы бойынша – 528 адам (тұрақты – 112 адам, уақытша – 416 адам) және Маңғыстау облысы бойынша – 9 295 адам (тұрақты – 977 адам, уақытша – 8318 адам) жұмысқа орналастырылды. Кешенді жоспарларды уақтылы орындау және іске асыру Үкіметтің бақылауында», - деді Әлихан Смайылов.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
4 Пікір
Д
Даметкен 02.08.2022
Көтерседе де көтермеседе қымбатшылық басым оданда бағаны тұрақтандыру керек 70 мың қай жыртығымды жамайм білмейм
Жауап беру
Ш
Шынар 02.08.2022
Орал қайда қалады сонда
Жауап беру
К
Катя 01.08.2022
Не дейд ай күлкілі. Өсирмегенде нестейд қара тамақ қымбат кунделикти жейтин, басқаны жемегенде. Жоғарыда заң шығарушы Көкелерге 200 000 айлық берсе жалақыны сонда көрер ем.
Жауап беру
А
Аий 01.08.2022
Ойбоой не дит күлкім пришла
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл