444.88
513.26
5.28
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ұлттық экономика вице-министрі елдің үш жылдық даму болжамын ұсынды
Жаңалықтар

Ұлттық экономика вице-министрі елдің үш жылдық даму болжамын ұсынды

17.09.2026
мин
0
86
Сурет: DKnews.kz

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин елдің 2027–2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын таныстырды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Сыртқы сын-қатерлер мен мұнай бағасының төмендеу ықтималдығына қарамастан, ел экономикасы тұрақты өсімді сақтайды.

Жаңа болжам жаһандық трендтер мен сыртқы нарықтағы ахуалды ескере отырып әзірленген. Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) дерегінше, 2027 жылы әлемдік экономиканың өсімі 3,4%-ға жетуі тиіс. Алайда халықаралық ұйымдар мен инвестициялық банктер мұнай бағасына қатысты болжамдарын қайта қарап, төмендетті. Консенсус-болжам бойынша қара алтынның құны барреліне 70,3 долларға дейін арзандауы мүмкін. Осыған орай, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының базалық сценарийінде мұнайдың орташа бағасы 70 доллар деңгейінде белгіленді.

Азамат Әмриннің айтуынша, сыртқы геосаяси және экономикалық қысымдарға қарамастан, Қазақстан оң өсім динамикасын сақтайды:

 ЖҰӨ өсімі: 2027–2029 жылдары Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) нақты орташа жылдық өсімі 5%-дан асады деп күтілуде.

 Көлем: Номиналды ЖІӨ 2027 жылғы 199,3 трлн теңгеден 2029 жылға қарай 245 трлн теңгеге дейін ұлғаяды.

 Негізгі салалар: Өңдеу өнеркәсібінің даму қарқыны тау-кен саласынан озып кетеді. Бұл ретте металлургия, машина жасау, құрылыс материалдары, химия және тамақ өнеркәсібі басты қозғаушы күшке айналады.

 Ауыл шаруашылығы: Сектордың орташа жылдық өсімі кемінде 5% деңгейінде сақталады.

 Құрылыс саласы: Жобалардың нәтижесінде құрылыстағы өсім қарқыны 2027 жылғы 16%-дан 2029 жылы 17,3%-ға дейін қарқын алады.

Құрылыс пен инфрақұрылымның қарқынды дамуына көліктік-логистикалық, энергетикалық және су ресурстары жобаларын іске асыру, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық және әлеуметтік нысандарды жаңғырту оң әсер етпек.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл