Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
2025 жылы Қазақстанда кімдердің жалақысы көтеріледі?
Жаңалықтар

2025 жылы Қазақстанда кімдердің жалақысы көтеріледі?

02.12.2024
1 мин
8
3081
Сурет: kst.news

Қазақстанда тағы бір санаттағы қызметкерлердің жалақысы көтеріледі. Бұл туралы вице-премьер, Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Оның айтуынша, 2025 жылдан бастап ғылыми ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықтары 17 пайызға артады.

- Ғылыми ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықтары биыл 18 пайызға артты, ал 2025 жылдың қаңтарынан бастап тағы 17 пайызға өседі. Үкімет инвестицияларды ынталандыру және экономиканы әртараптандыру бойынша жоспарланған шараларды іске асыруды жалғастырады, – деді Нұрлан Байбазаров үкіметтегі брифингте.

Вице-премьер елде мұнай-газ химиясы, машина жасау, металлургия және агроөнеркәсіп салаларында 17 ірі жоғары технологиялық жобаның жүзеге асырыла бастағанын атап өтті.

- Экономикаға ірі көлемде инвестициялар салынуда. Биыл Мемлекет басшысының ауқымды бастамаларын (тұрғын үй құрылысы, өңірлерді газдандыру, ТКШ-ны жаңғырту, көлік инфрақұрылымы) жүзеге асыру аясында экономикаға 2 триллион теңгеден астам қаржы бөлінді, – деді ол.

Сондай-ақ, биыл 2029 жылға дейінгі ұлттық инфрақұрылымдық жоспар іске асырыла бастады, оның жалпы сомасы шамамен 40 триллион теңгені құрайды. 2024 жылдың соңына дейін энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба қабылданады.

- Фермерлерді қолдау жалғасады. Келесі жылы ауыл шаруашылығын дамытуға қаржыландыру 700 миллиард теңгеге дейін ұлғайтылды. Қазіргі уақытта фермерлерден өтінімдер қабылдануда. Біздің экономикаға шетелдік капитал тарту жұмыстары күшейтілді. Бизнес үшін қолайлы жағдай жасау және экономиканы либерализациялау бойынша жүйелі жұмыс жалғасады, – деп қосты Байбазаров.

Үкімет мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудан келетін шетел валютасының ағыны валюта нарығын тұрақтандыруға және экономиканың әрі қарай өсуіне ықпал етеді деп күтуде.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
8 Пікір
Н
Назгуль 02.12.2024
Әлеуметтік мекемеде балалармен жұмыс жасайтын тәрбиешілердің жалақысы неге көтерілмейді?
Жауап беру
Н
Назгуль 02.12.2024
Әлеуметтік мекемеде балалармен жұмыс жасайтын тәрбиешілердің жалақысы неге көтерілмейді?
Жауап беру
С
Салтанат 02.12.2024
Санитаркалардікі өсе ма айлық өте аз , қалай күн көреміз , қымбатшылық
Жауап беру
А
Айым 02.12.2024
Санитаркалардын акшасы оседи ме аз айлык
Жауап беру
А
А 02.12.2024
Кашан жай қатардағы медбикелердын жалакысы ӨСЕДІІІІІІ??? Асыресе мемлекеттык медицина саласындагылардын?
Жауап беру
А
Айдана 02.12.2024
Медбикелердің жалақысы ше?
Жауап беру
Г
Гульбарам 02.12.2024
Жай кызметкерлердики оссе го олардын жалакысы 85мын
Жауап беру
М
Мирамкул 02.12.2024
Сізге қосыламын
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл