Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
2025 жылға арналған Қазақстандағы автожол жобалары белгілі болды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
2030 жылға дейін еліміздің көлік инфрақұрылымын жақсарту аясында маңызды жобалар жүзеге асырылады.
Жаңа автожолдардың жалпы ұзындығы 4,7 мың шақырымды құрайды, оның ішінде 3,7 мың шақырым – І санаттағы жолдар.
2025 жылы жүзеге асырылатын негізгі жобалар:
• Қызылорда – Жезқазған (208 км)
• Ақтөбе – Ұлғайсын (234 км)
• Қарағанды – Жезқазған (572 км)
• Сарыағаш қаласы айналма жолы (102 км)
• Қызылорда қаласы айналма жолы (20 км)
• Қызылорда – Сексеуіл (470 км)
• Атырау – Доссор (86 км)
• Рудный қаласы айналма жолы (16,9 км)
• Жаңаөзен – Кендірлі (156 км)
• Петропавл қаласы айналма жолы (8 км)
• Түркістан қаласы айналма жолы (29,6 км)
• Астана – Қостанай – РФ шекарасы (830 км)
• Шымкент қаласы айналма жолы (48 км)
• Атырау – Орал (орташа жөндеу, 516 км)
• Атырау – Шапай (136 км)
• Алматы – Талғар – Бәйдібек би (68 км)
• Алматы – Үшқоңыр (48 км)
• Бейнеу – Сексеуіл (736 км)
• Жайық өзені арқылы өтетін көпір (6,5 км)
Бұл жобаларды жүзеге асыру үшін жалпы көлемі 9 трлн теңгеден астам инвестиция жоспарланған. Қазіргі уақытта жобаларға инвесторлар тарту бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.