| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда тұрғын үй сату тәртібі жаңартылады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Жаңа талапқа сәйкес, азаматтар пәтерді сатып алған бағасынан қымбатқа сатса, сол айырма сомасынан жеке табыс салығын (ЖТС) төлеуге міндетті болады. Бұл ереже жылжымайтын мүлік екі жылдан аз уақыт иелікте болған жағдайда ғана күшіне енеді.
Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілі Айгүл Аббасованың айтуынша, салық тек мүліктің қымбаттаған бөлігіне салынады.
- Мысалы, пәтер 10 млн теңгеге сатып алынып, 15 млн теңгеге сатылса, айырма – 5 млн теңге. Дәл осы сомаға 10% мөлшерлемемен ЖТС төленеді, – деді ол.
Сонымен қатар, бұл норма тек 2026 жылдан кейін сатып алынған мүлікке қатысты болмақ. 2025 жылға дейін алынған пәтерлерге бұрынғы бір жылдық мерзім қолданылады.
Ал құрылысы жүріп жатқан тұрғын үй кешендеріндегі үлесті сату кезінде салық салу мерзімі үш жыл деп белгіленді.
2026 жылдан бастап елде прогрессивті салық жүйесі де енгізіледі: жылдық табысы 8 500 АЕК-ке дейінгі азаматтар 10% салық төлесе, одан жоғары табыс иелері үшін мөлшерлеме 15% болады.