Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
2026 жылы үш мегаполисте қалдықтарды энергияға айналдыратын зауыттар тұрғызылады
Жаңалықтар

2026 жылы үш мегаполисте қалдықтарды энергияға айналдыратын зауыттар тұрғызылады

25.11.2025
мин
0
192
Сурет: AqshamNews kz

Экологияны жақсарту үшін үш қалада энергия зауыттары бой көтереді, - деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Үкімет экологиялық ахуалды жақсарту бағытында кешенді шараларды қолға алып жатыр. Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша 2026 жылы Астана, Алматы және Шымкент қалаларында қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуға арналған жаңа заманауи зауыттардың құрылысы басталады.

Премьер-министрдің айтуынша, бұл нысандар мегаполистердегі тұрмыстық қалдық көлемін айтарлықтай азайтып, экологиялық қауіпсіздікті күшейтуге мүмкіндік береді.

— Экология министрлігі үш қала әкімдіктерімен бірге зауыттардың құрылысын келесі жылы іске қосуы тиіс. Бұл – жылдар бойы қордаланған қалдық мәселесін жүйелі шешетін стратегиялық жоба, — деді Олжас Бектенов.

Үкімет басшысы мұндай кешендер қалдықты жоюмен қатар, одан энергия өндіру арқылы қалалардың инфрақұрылымына қосымша ресурс беретінін атап өтті.

Сонымен қатар, аталған жобаларды сапалы іске асыру үшін министрліктер мен әкімдіктердің өзара үйлесімді жұмысы, рұқсат беру процестерінің жеделдеуі және инфрақұрылымның толық дайын болуы талап етіледі.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл