Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
2035 жылы мемлекеттік бюджеттің кірісі 66,8 трлн теңгеге дейін ұлғайса, кепілдендірілген трансферт 2029 жылдан бастап 2,0 трлн теңгеге дейін төмендейді. Бұл болжамды Премьер-министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
— 2026–2035 жылдарға арналған ұзақ мерзімді даму болжамы. Құжат жаңа бюджет кодексін іске асыру үшін әзірленді. Болжам мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының қаржылық қамтамасыз етілу көлемін айқындайды. Құжатта ұзақ мерзімді дамудың үш нұсқасы қаралған: ол базалық, қалыпты және балама. Балама нұсқадағы экономиканың 10 жылдағы орташа өсу — 5,1%, қалыптыда — 4,3% деңгейінде болжанады. Базалық нұсқада 10 жылдағы ішінде жалпы ішкі өнімнің орташа жылдық өсу 4,5%-ды құрайды. Номиналды жалпы ішкі өнім 2035 жылы 473,2 трлн теңгеге дейін ұлғаяды, — деді Серік Жұманғарин Үкімет отырысында.
Министрдің мәлімдеуінше, 2026-2028 жылдарға арналған базалық көрсеткіштер әлеуметтік-экономикалық дамудың үш жылға арналған болжамына сәйкес келеді.
— 2035 жылы мемлекеттік бюджеттің кірісі 66,8 трлн теңгеге дейін ұлғаяды. Кепілдендірілген трансферт 2029 жылдан бастап 2,0 трлн теңгеге дейін төмендейді. Бюджет тапшылығы 2029 жылы жалпы ішкі өнімге қатысты біртіндеп 0,4%-ға дейін төмендеп 2030 жылдан бастап нөлдік деңгейге жетеді деп болжанып отыр. Бюджеттік параметрлердің макроболжамы мен болжамы ескергенде, мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының қаржылық қамтамасыз етілу көлемі республикалық және жергілікті бюджеттің шығысын ескере отырып, 2026 жылы 37,4 трлн теңгені, 2027 жылы — 39,6 трлн теңгені, 2028 жылы — 41,6 трлн теңгені құрайды, — дейді вице-премьер.