Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Тамыздың 21-нен бастап Отбасы банктегі Интернет-банкинг арқылы депозитті Онлайн-басқаға беру (депозитті сату) сервисінің жабылады, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Банктің хабарлауынша, 21 тамызға дейін депозитті сатып алу немесе сату процесін іске қосқан банк клиенттері аталған күннен кейін Банктің осы сервисті ұсыну талаптарына сәйкес процестерді стандартты режимде аяқтау мүмкіндігіне ие болады.
Айта кетейік, өз туыстарына депозиттерді беру Отбасы банкте әлі де қолжетімді. Мұны тек Банк бөлімшелерінде ғана емес, сонымен қатар онлайн режимінде «Otbasy bank» мобильді қолданбасында да жүзеге асыруға болады. Рәсімге 5-10 минут уақыт кетеді.