Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елордада 18 жасқа толған 26 мыңнан астам жасөспірім алғаш рет республикалық референдумға қатысып, дауыс берді. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Тарихи күнде Астана учаскелерінде өзінің азаматтық ұстанымын білдіруге келген жастардың саны айтарлықтай көп. Сайлау учаскелері таңғы уақыттан бастап жұмыс істей бастады. Барлық учаскеде елорда тұрғындарының белсенділігі байқалады. Астанада 460 учаске жұмыс істейді, оның 352-сі – ашық, 34-і – жабық, 74-і дипломатиялық өкілдіктер мен елшіліктерге бөлінген.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, республикалық референдумға 18-ге толған 26 мың жас дауыс берді.