| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Telegram желісінде «тегін электрондық кітаптар» деген жалған ұсыныс арқылы пайдаланушыларға зиян келтіріп жатыр. Полиция жаңа схемадан сақ болуды сұрап отыр, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Telegram платформасында алаяқтардың жаңа схемасы анықталды. Белгісіз аккаунттар «мыңдаған кітап қолжетімді» деп хабарласып, қызыққан пайдаланушыларға «арнайы қосымша» деген атпен зиянды файл жібереді.
Файл орнатылған жағдайда, алаяқтар смартфондағы құпиясөздерге, қаражатқа, хат-хабар мен фотоларға қол жеткізе алады. Бұл арқылы жеке деректер ұрлануы мүмкін.
Polisia.kz өкілдері бейресми көздерден қосымша орнатпауға және кибергигиена ережелерін сақтауға шақырады. Тек ресми сайттар мен қосымшаларды пайдаланған жөн.