Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
4,9 млн теңгеге киім алған: шенеуніктер мемлекеттік қаражатты қайда жұмсайды
Жаңалықтар

4,9 млн теңгеге киім алған: шенеуніктер мемлекеттік қаражатты қайда жұмсайды

27.06.2020
1 мин
6
2720

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері онлайн-брифинг барысында мемлекеттік органдарда бюджет қаражаты қайда жұмсалатынын айтып берді. Ведомство мемлекеттік сатып алуда 460%-ға дейін бағаны көтермелеу жайттары орын алғанын анықтады. Лоттардың арасында – спорттық киімдер, ағаштарға күтім жасау, кір жуғыш машиналары мен балалар тағамы бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Департаменттің аса маңызды істер жөніндегі офицері Айнагүл Кәріпова Қазақстанда мемлекеттік сатып алуға, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор саласындағы сатып алуларға мониторинг жүргізілгенін мәлім етті.

Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, Рудный қаласының әкімдігі 4,9 млн теңгеге спорттық киімдер сатып алған – оның ішінде белгілі маркалы футболкалар, бір данасының бағасы – 28 мың теңге. Мемлекеттік сатып алу бойынша бағаны көтермелеу 3,8 млн теңгені құраған.

Кәріпованың айтуынша, Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы коронавирус эпидемиясы кезінде 233 мың теңгелік кір жуғыш машиналар сатып алуды шешкен. Ал тауардың орташа бағасы 170 мың теңгені құраған.

Мемлекеттік сатып алуға аса ірі көлемде ақша жұмсағандардың ішінде Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы ерекше көзге түскен.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
6 Пікір
13.07.2020
Осындай қиын кезде 28000 мыңға футболка алғаны нес, естері дұрыс емес екен
Жауап беру
А
Алтынай 01.07.2020
Оларды алда ең әділ сот күтіп тұр...
Жауап беру
М
Молдир 29.06.2020
Жогарыдагы билик басындагылар неге азык тулик багасын, дари дармек багасын Бир калыпка келтирмейди екен. Мынау деген сумдык кой,издеген дарин жок, аспирин,цитрамон,парацетамол жок, жана синилим 2000тг турады антибиотики 4500тг акелди, мынау деген маскара, халыкты тонау, Ози ареен отырган халыкты. Мемлекет божырап кнттиау, олсен уйинде Оле Бер дегендей
Жауап беру
А
Айя 28.06.2020
Жемкорларды жандарын шырқыратып соттаса ғой.Басқаларға сабақ болар ма еді?!
Жауап беру
Г
Гүлнұр 28.06.2020
Өз халқына жаны ашымайтын қандай адамдар!
Жауап беру
Ж
Жулдызай 28.06.2020
Осы шенеуніктер ди куртып карапайым халыкпен акылдасса да
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл