Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жаңалықтар

"42 500 теңге" ала алмағандардың өтініші қайта қаралады

25.05.2020
2 мин
4
1022

42 500 теңге тағайындалмаған қазақстандықтардың өтініштерін қайта қарау тәртібі бекітілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

42 500 теңге тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылданған өтініштерді қайта қарау үшін аудандық (қалалық) штабқа растайтын құжаттармен қоса тиісті өтініш беру қажет дейді министрліктегілер.

"Өтініш беріледі:

Жұмыс беруші тарапынан - ШОБ, ірі кәсіпкерлік (карантин енгізілген өңірлерде), коммерциялық емес заңды тұлғалар үшін. Бұл ретте өтініш тек әлеуметтік төлем тағайындаудан бас тарту (тоқтату) туралы шешім қабылданған қызметкерлер үшін беріледі.

Өз бетінше – әлеуметтік төлемді тағайындаудан  бас тарту (тоқтату) туралы  шешім қабылданған жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, БЖТ төлеушілер, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар (бұдан әрі - АҚС) бойынша жұмыс істейтін адамдар", - делінген хабарламада.

Растайтын құжаттар тізбесі:

Қызметкерлері үшін құжаттар беретін жұмыс берушілер үшін:

- жалақысы мақталмайтын демалысқа жіберу туралы бұйрықтар;

- жұмыс берушінің ТЖ кезеңінде кірісін жоғалту фактісін растайтын құжаттар (банктік шоттардан үзінділерді қоса алғанда, қаржылық және өзге де есептілік, бухгалтерлік баланс және басқа құжаттар);

- мемлекеттік кірістер органдары қабылдаған декларация (МКК-мен салыстыру үшін, 200-нысан).

ЖК және жеке практикамен айналысатын адамдар үшін:

- мемлекеттік кірістер органдары қабылдаған декларация (МКК-мен салыстыру үшін, 200-нысан);

- табыстың жоғалту фактісін растайтын құжаттар (банктік шоттардан үзінділерді қоса алғанда, қаржылық және өзге де есептілік, бухгалтерлік баланс және басқа да құжаттар).

АҚС шарттар бойынша жұмыс істейтін адамдар үшін:

- заңды тұлғамен жасалған жұмыстарды орындауға (қызмет көрсетуге) арналған АҚС шарты.

Ұсынылған құжаттарды қарағаннан кейін аудандық (қалалық) штаб 42 500 теңге әлеуметтік төлемін тағайындауға құқығы бар/жоғы туралы қорытынды шығарады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
4 Пікір
Е
Ерболат Оралған 01.06.2020
Кәзір жұмысымыз тоқтап тұр олар бізге төлем жасай алмайды енді нестеуге болады?
Жауап беру
Ф
Феруза 31.05.2020
Маманның рұқсатсыз без содержания жасап жыберген компания 1.05. Мен 01.06 аралыгын да 42500 тг толенбеди не ыстеуге болады. 870
Жауап беру
С
Сержан Тажиев 25.05.2020
42 500 алалмадық
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл