Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
2024 жылдың 7 қарашасында Алматы қаласы мен Алматы және Ұлытау облыстарында 5 қазақстандық азамат діни-экстремистік әрекеттерді ұйымдастырды деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ұсталғандар Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Алматы облыстық прокуратурасы және полицияның бірлескен әрекеті нәтижесінде қолға түсті.
17 адамға тыйым салынған ұйымның іс-әрекетіне қатысқаны үшін “шығуға болмайтыны туралы қол қою” түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды. Күдіктілердің үйлеріне тінту жүргізіліп, діни әдебиеттер мен басқа да дәлелдемелер тәркіленді.
Ұсталғандардың төртеуі бұрын экстремистік әрекеттері үшін сотталған, ал тоғыз адамға тыйым салынған ұйымдарға қатысуға болмайтыны жөнінде ресми ескерту берілген. Бұл іс бойынша Қылмыстық кодекстің 405-бабының 1 және 2-бөліктеріне сәйкес, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің талаптарына сай басқа мәліметтер жарияланбайды, деп хабарланды.