Nur Otan партиясы Елбасының тапсырмасымен кезекті қаржылай көмектің аса мұқтаж 80 мың отбасыға берілетінін хабарлаған болатын. Елбасының бастамасымен атымтай жомарт кәсіпкерлер Birgemiz қорына 28 миллиардтан астам қаражат жинаған еді.
Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ақтөбеде 5 мыңға жуық мұқтаж отбасы 50 мың теңгеден әлеуметтік көмек алып жатыр.
Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, Birgemiz қоры мұқтаж жандарға көмек көрсетудің төртінші кезеңі бастады. Бұған дейін Ақтөбе қаласының 18 451 тұрғыны көмек алды. Ал үшінші кезеңде республика бойынша 110 мыңдай отбасына көмек көрсетілсе, облыста Алға, Қандыағаш, Жем, Ембі, Темір, Шалқар, Хромтау қалаларындағы 5880 отбасы қолдауға ие болды.
Оның ішінде аз қамтылған көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім балалар бар.

Тағы көру