| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Семей қаласының 53 жастағы тұрғыны TikTok әлеуметтік желісінде тікелей эфирге шығып, былапыт сөздер айтқан. Осы оқиғадан кейін әйел мәжбүрлі түрде психикалық денсаулық орталығына емделуге жіберілді, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Абай облыстық полиция департаментінің мәліметінше, құқық қорғау органдары әйелдің әлеуметтік желідегі тікелей эфиріне назар аударған. Эфир барысында ол әдепсіз сөздер айтып, балағаттаған.
Полицейлер әйелдің жеке басын жедел анықтады. Тексеру кезінде оның бұған дейін де осындай құқық бұзушылық жасағаны белгілі болды. Биыл тамыз айында сот әйелді осыған ұқсас әрекеті үшін әкімшілік қамауға алған.
Бұл жолы полицейлер әйелдің үйіне жедел жәрдем қызметкерлерімен бірге барған. Сонымен қатар онымен бірге тұратын азамат та әйелдің үстінен шағым түсірген.
- Әйел психикалық денсаулық орталығына үш ай мерзімге мәжбүрлі түрде жатқызылды, – делінген полиция хабарламасында.