Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Төлем сомасы отбасындағы әр балаға 1,5 АЕК мөлшеріне тең.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы қағидаларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобасын қоғам талқысына ұсынды. Жобада отбасына төленетін атаулы әлеуметтік көмек мөлшерінде өзгеріс бар. Оған сәйкес, АӘК алатын отбасында 1-6 жас аралығындағы балалар болса, олардың әрбіріне 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем төленеді.
Отбасына атаулы әлеуметтік көмек төлеу мерзімі аяқталған жағдайда қосымша төлем де тоқтатылады. Айта кетейік, атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін есептеуде өзгеріс жоқ. АӘК отбасының орташа табысы мен сол өңірдегі кедейлік шегі арасындағы айырма түрінде есептеледі.
Тағы көру