Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
600-ден астам шалғай елді мекенде медициналық нысандар салынуда – Олжас Бектенов
Үкімет

600-ден астам шалғай елді мекенде медициналық нысандар салынуда – Олжас Бектенов

15.07.2025
мин
0
109
Сурет: https://t.me/KZgovernment/17895

Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихаты барысында Премьер-министр Олжас Бектенов журналистердің денсаулық сақтау саласындағы мәселелерге қатысты сұрағына жауап берді, - деп хабарлайды Dauletten.kz

- Денсаулық сақтау саласында қордаланған мәселелер бар екені белгілі. Оны бір күнде шешу мүмкін емес. Бірақ біздің кешенді жоспарымыз бар. Аталған салаға қатысты нақты шаралар қабылдап жатырмыз. Қазіргі уақытта 3,3 млн адам Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінен тыс болып отыр. Біз келесі жылдан бастап жергілікті бюджеттердің есебінен осы 3,3 млн-ның 1 млн-ын осы жүйеге енгіземіз. Жыл сайын көрсеткішті азайтамыз. Бұл үлкен шығындарды талап ететін шаруа. Бүгінгі таңда Президенттің тапсырмасы бойынша "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жоба жүзеге асырылып жатыр. Жалпы 600-ден астам шалғай елді мекендерде медициналық нысандар салынып жатыр. Біз аталған бағытқа республикалық бюджеттен де, қайтарылған активтер қаражаты есебінен де қаржы бөлеміз. Әрине, мәселе онымен толық шешілмейді. Бірақ, кезең кезеңмен іске асырылады, — деді Олжас Бектенов.
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл